АҚШ Мәскеуге қарсы санкцияны жоймайды

АҚШ Мәскеуге қарсы санкцияны жоймайды

АҚШ Мәскеуге қарсы санкцияны жоймайды
ашық дереккөзі
208
Құрама Штаттар Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін ресейлік азаматтарға және корпорацияларға қарсы енгізген санкцияны жоюға ниеттенбейді деп мәлімдеді мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Марк Тонер.
Оның сөздерінше, Қырым аннексиясы үшін енгізілген санкция түбекті Украинаға қайтармайынша күшінде болады. «Санкциялар Ресей экономикасына айтарлықтай әсер етіп жатыр және Мәскеуге кейбір теріс әрекеттерінің кері әсері болатынына ой салды», - деді мемлекеттік департаменттің өкілі. Тонер санкциялардың Ресей әскерін Украина аумағына енгізуді тоқтата алмағанын мойындады. Бірақ Ресейді Минск келісімі бойынша жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге әсерін тигізіп отыр деді.

Серіктес жаңалықтары