3535
12-қабаттан секірген: Алматыда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады
12-қабаттан секірген: Алматыда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады

Әлеуметтік желіде жасөспірім қыздың 12-қабаттан секіріп, суицидке барғаны туралы фото-видео тарады.
Алматы қалалық полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға кешкі сағат 16:00 шамасында Алмалы ауданында болған.
«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полициядан.