Дүниежүзілік мұнай кеңесі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Дүниежүзілік мұнай кеңесі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Дүниежүзілік мұнай кеңесі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
ашық дереккөзі
181
Лондонға сапары барысында ЭКСПО-2017 комиссары Рапиль Жошыбаев Дүниежүзілік мұнай кеңесінің бас директоры Пирс Римермен кездесті.  Тараптар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне кеңестің қатысуы мәселелерін, оның ішінде көмірсутегін пайдаланудың тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми және технологиялық инновацияны таныстыру бойынша ұйымның жоспарларын талқылады, деп хабарлады ЭКСПО-2017 комиссарының хатшылығынан. «Комиссар ЭКСПО-2017 ДМК басшысын халықаралық көрмеге дайындық барысы туралы хабардар етіп, Астанада 2017 жылғы 11-14 маусымда БҰҰ ЕЭК Министрлік конференциясын өткізу кезеңінде Кеңестің мамандандырылған  форумын ұйымдастыруды ұсынды», — делінген хабарламада. Өз кезегінде, Пирс Ример көрме маңызды халықаралық оқиға болып табылатынын және шетел компаниялары мен халықаралық бизнес қоғамдастық арасында үлкен қызығушылық тудырып отырғандығын атап өтті. Қазақстан Үкіметіне көрмеге кеңестің қатысуын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Халықаралық көрме комиссары Рапиль Жошыбаев пен ДМК секциясының комиссары Ульрике фон Лонски   ДМК ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойды.

Серіктес жаңалықтары