Алматы зообағының директоры өз еркімен қызметтен кетті

Алматы зообағының директоры өз еркімен қызметтен кетті

Алматы зообағының директоры өз еркімен қызметтен кетті
ашық дереккөзі
405
Қанат Кәрімов Алматыдағы зообақтың директоры қызметінен кетті. Бұл туралы ол зообақ аумағында болған баспасөз конференциясында мәлімдеді. "Өкінішке қарай, бүгінде зообақ төңірегінде ақпараттық қоғамда шектен шыққан әңгімелер тарады. Бұл қарсылық мені зообақ басшысы ретінде қабылдамауға дейін әкелді. Сіздер де, мен де қандай шара қолдансам да, жануарлардың өлімінен қашып құтылу мүмкін емес. Олар - биологиялық тіршілік көздері. Осыған байланысты енді тағы да шу көтеріліп, біздің кәсіпорынның да беделі түседі. Бұл мәселе маған жеке адам ретінде де қатысы бар болғандықтан, мен бұл мәселенің шиеленісіп кеткенін түсіне отырып, өзім үшін шешім қабылдадым: мен бүгін өз еркіммен зообақ директоры қызметінен кету туралы өтініш жаздым. Мен қала басшылығына осы мекемені сеніп тапсырғанына алғыс айтамын. Барлық әріптесіме рақмет айта отырып, жаңа басшыға сәттілік тілеймін. Алда өтетін кәсіпорынның 80-жылдығын лайықты атап өткізуін тілеймін", - деді Қанат Кәрімов. Айта кетейік, соңғы бес жылда Алматы зообағында 500-ден аса жануар өліп қалған. Ал қазан айында зообақ басшылығы өлім аузында жатқан жануарлардың тізімін жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары