Президент Қарағанды облысында қаза тапқан шахтерлердің жақындарына көңіл айтты
 
								
                                                                                                Президент Қарағанды облысында қаза тапқан шахтерлердің жақындарына көңіл айтты
                                                                                                                                Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Akorda.kz.
Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды.
Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        