Қызылорда қалалық полиция басқармасына 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласты. Ол ауласында тұрған Opel Astra маркалы автокөлігінің ұрланғанын айтып шағымданған. «Жедел басқару орталығынан полицейлерге тапсырма берілді. Нәтижесінде «Тосқауыл» іс-шарасы аясында аталған автокөліктің қала көшелерінің бірінде жол ережесін өрескел бұзып жүргені анықталды. Оған қоса жол-көлік оқиғасы жасалған. Полиция қызметкерлері 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тексеру барысында жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Жүктелуде...