569
"Тапсырыс берушілердің тең жартысы - Қазақстаннан": қара нәсілділердің құттықтауы қанша тұрады?
"Тапсырыс берушілердің тең жартысы - Қазақстаннан": қара нәсілділердің құттықтауы қанша тұрады?
Өскемен және Ақтөбе қалаласының әкімдерін қара нәсілділер құттықтаған бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Бірақ әкімдерге мұндай "сыйлық" ұнамаған еді.
"Привет из Африки" event агенттігінің негізін қалаушы тапсырыстың тең жартысы Қазақстаннан түсетінін айтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қара нәсілді жігіттердің басын қосып, табыс көзіне айналдырған қыздың есімі - Рита, Ресей азаматшасы екен. Қазір саяхаттап, Африка елдерінің мәдениетімен танысып жүрген көрінеді. Ританың сөзінше, алғашқы тапсырыс шілде айында түскен."Осы жазда ең жақын құрбыма не сыйласам деп басым қатты. Бұған дейін де түрлі тосынсый жасағаным бар, бірақ бұл жолы оны таңғалдыруым керек болды. Кейін африкалық жігіттерді тауып, солар арқылы бейнеқұттықтау жолдадым. Видео дайын болғанда барлық достарыма тараттым. Оларға қатты ұнады, өйткені бұған дейін мұндай құттықтауды ешкім көрмесе керек. Құрбым да менің ізденісімді жоғары бағалады. Кейіннен құрбым видеоны өзінің Instagram-парақшасына жүктеді. Осыдан кейін желі қолданушыларының қызығушылығы артты. Жаңа бизнес өзі-ақ сұранып тұрғандай көрінді. Құттықтау құны - 21 мың теңге шамасында", - дейді ол.Ританың айтуынша, кейінгі айда қазақстандықтар шетелдік құттықтау бизнесіне ерекше қызығушылық танытқан.
"Қазірдің өзінде Instagram желісінде жазылушылардың саны 45 мыңнан асады. Осы уақыт аралығында 1000-нан аса тапсырыс қабылдап үлгердік. Біз мұндай жетістікке небәрі 3 ай ішінде жетіп отырмыз. Алғашында аудиторияның 90 пайызы Ресей, қалғаны ТМД елдерінен тұратын. Қазір әкім құттықауларынан кейін тапсырыс берушілердің 50 пайызы Қазақстаннан, артық 50 пайызы Ресей мен ТМД елдері боп шықты", - дейді Рита.Сонымен қатар, ол қазақстандық әкімдерді танымайтынын, әкім екенін білмегенін айтты.
"Мен сіздердің президенттеріңізді білемін, бірақ қала әкімдерін танымаймын. Бізге тапсырыс түскенде олардың әлеуметтік статусын ешкім де білген жоқ. Тағы да қайталаймын, бұл - кездейсоқ оқиға. Әкімді дәл осылай құттықтау кімге керек болғанын білмеймін, бірақ мен тек өз қызметімді атқарғандығымды айтқым келеді", - деді ол.
"Егер бұл кісілердің Қазақстанның әкімдері екенін білсек, тапсырысты қабыл алмауымыз мүмкін де еді, десе де өткен іс өтті. Біздің құттықтау барлық жерде кең талқыланып, үлкен шу шығарды. Дәл сол күннен кейін біздің танымалдығымыз екі есе артты. Бір жағынан қазақстандық әкімдердің алдында қарыздармыз. Олар бізге керемет тегін жарнама жасап берді", - дейді Рита.