Қарағандыда биіктен секіремін деп қаза тапқан әйелдің өліміне кінәлі адам ұсталды

Қарағандыда биіктен секіремін деп қаза тапқан әйелдің өліміне кінәлі адам ұсталды

Қарағандыда биіктен секіремін деп қаза тапқан әйелдің өліміне кінәлі адам ұсталды
ашық дереккөзі
1422

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 32 жастағы әйелдің өліміне кінәлі адамның ұсталғаны туралы хабарлады.

Қарағандыда 25 метр биіктіктен «тарзанкадан» секірген әйел көз жұмды. Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісінде тарады. Қайғылы жағдай «Созвездие» қонақ үйінің аумағында болған.
«Науқасқа шұғыл операция керек болды. Әйелдің басындағы гематомаларды жою үшін бас сүйегіне ота жасалды. Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды», – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Кейін тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бабы бойынша тергеуді бастады, содан кейін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс басқа бапқа қайта сараланды. Бүгін тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракционның нұсқаушысы екені анықталған.
"Күдікті ҚР ҚІЖК бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, - деді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Серіктес жаңалықтары