485
Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жеп қойған ба?
Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жеп қойған ба?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайы ведомствоның баспасөз қызметі.
Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қаражаттың қосалқы мердігерлік ұйымдарда қолма-қол ақшаға айналдырылып, Тұңғышбай Жаманқұловқа берілгені айтылады.
Сонымен қатар, қаражат жымқыруға "Қазақфильм" АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Г.Ысқақованың және фильмнің атқарушы продюсері Н.Юдинаның қатысы бар екені дәлелденгені хабарланып отыр. Айта кетейік, олар соттың санкциясымен қамауға алынған болатын.
Тұңғышбай Жаманқұловтың бүгін, 2 қарашада ұсталғаны белгілі болды.