«Қазақфильм» үнді кинокомпаниясымен келісімшарт жасады

«Қазақфильм» үнді кинокомпаниясымен келісімшарт жасады

«Қазақфильм» үнді кинокомпаниясымен келісімшарт жасады
ашық дереккөзі
463
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы үнділік кинокомпаниямен серіктестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.
Бұл құжат бойынша екі жақ бірлесіп жұмыс жасап, «Love you family» деген атпен көркем фильм түсіреді. Оның премьерасы 2017 жылға жоспарланған.
  Режиссер Сачиндра Шарманың «Love you family» фильмінің түсірілімі Индия мен Таиландта өткен. Енді қорытынды бөлімі Алматыда түсіріледі. Фильмде танымал үнді актерлері Джоши Маной Наванет, Пардасани Акша Сунил, Салман Юсуф Кхан, Шакти Капур, Навни Парихар. Мано Джоши ойнайды. Ал басты рөлдегі қыздың бастығының рөлін Фархат Абдраимов сомдайды. «Мен бұл картинада 4 күн түсірілімде боламын. Күлкілі рөл сомдаймын. Мен Англия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызтан елдерінде киноға түстім. Барлығы бірдей түсіретінін байқадым», — деді Фархат Абдраимов.   «Love you family» – туған-туыстары сүйіктісімен бірге болуға қарсы болатын Хуши есімді үнділік қыз туралы.  

Серіктес жаңалықтары