2017 жылы Головкин қанша жекпе-жек өткізеді?

2017 жылы Головкин қанша жекпе-жек өткізеді?

2017 жылы Головкин қанша жекпе-жек өткізеді?
ашық дереккөзі
369
Орта салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жылы кем дегенде үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер BoxingNewsandViews.com-ға берген сұхбатында айтты. GGG командасы желтоқсан айында америкалық Дэниэл Джейкобске қарсы жекпе-жек ұйымдастыруға тырысқан еді. Алайда бұл кездесу уақыт тапшылығына байланысты келесі жылға шегерілді. «Біз Джейкобспен келіссөз жүргізуді жалғастырып жатырмыз. 2017 жылы GGG үшін ең кемі үш жекпе-жек ұйымдастыру жоспарымызда бар. Соңғы үш жылда ол өзін ең белсенді әлем чемпионы ретінде көрсетті»,- дейді Леффлер.   Айта кетсек, биыл отандасымыз бар болғаны екі жекпе-жек өткізді. Бірінші кездесуде америкалық Доминик Уэйдпен жұдырықтасып, қарсыласын нокаутқа жіберсе, екіншісінде британиялық Келл Брукты тізе бүктірді.

Серіктес жаңалықтары