Алматыда балалар мен жасөспірімдер арасында Алматының 1000 жылдығына арналған шығармашылық байқау өтті. 210 үміткер қатысқан өнер сайысында 19 өнерпаз жүлдегер атанды. «Нұрлы жастар» орталығы ұйымдастырған шараға 5 жас пен 18 жас аралығындағы жеткіншектер қатысқан еді.
Биылғы байқау «Мәңгі жас Алматыға – 1000 жыл» деген тақырыпта ұйымдастырылды. Үміткерлер 8 аталым бойынша бақ сынап. «Көркем сөз» номинациясы бойынша Талғар қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №2 мектеп оқушысы Нұрмұханбет Перизат (9 жас), Алматы қаласы №140 мектеп оқушысы Біләл Әлібек (11 жас), М.Тәжин атындағы орта мектеп оқушысы Ұлықпан Әлішер (13 жас), №9 оқушылар үйі атынан қатысқан Айша Аралбаева (12 жас) мен Дәурен Қадыр (13 жас), Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияның оқушысы Тоғжан Абай (10 жас), №20 Дарын мектебінің оқушысы Назерке Нұрбосын (17 жас) қатысып, жүлдегер атанды. «Шығарма» аталымы бойынша берілген тақырыптарға шығарма жазудан Іле ауданы, №30 орта мектеп оқушысы Аяулым Бердығұлова (12 жас), Ақтөбе қаласы, Шалқар ауданынан келген Нұртілек Тағыберген (11 жас) марапатталды. «Аспапта ойнаудан» «Балдәурен» домбырашылар ансамблі, Жұлдыз Матбуса, №136 мектеп-гимназия оқушысы Дінислам Абитилда (15 жас), №11 мектеп оқушысы Мұхамедияр Бекболат (14 жас), №11 мектеп оқушысы Асанәлі Батырхан (10 жас), №11 Балалар музыкалық мектебінің шәкірті Айдана Итемирова (14 жас) жүлдені жеңіп алды. «Хореографиядан» №2 мектептің «Балауса» тобы, «Бейнелеу өнері» бойынша Қаракөл орта мектеп-бақшасының оқушысы Олжас Раимханов (13 жас), «Эстрадалық вокал» аталымын №148 мектеп-гимназиясының шәкірті Аружан Қадыржұма (9 жас), Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназиясынан келген «Ди voice» дуэтінің орындаушылары жеңімпаз атанды.
Жәнібек ҒАЛЫМ