684
Жамбылдағы жарылыс: қоймада 500 тоннадан астам тротил болған – ТЖМ
Жамбылдағы жарылыс: қоймада 500 тоннадан астам тротил болған – ТЖМ

ҚР Төтенше жағайлар министрлігі Жамбыл облысының Королевка кентіндегі әскери қоймада болған жарылыс туралы тың мәліметтер айтты: төтенше оқиға кезінде жалпы ауданы 697 шаршы метр болатын қойма ғимаратын жалын шарпыған.
«Жарықшақтардың ұшу радиусы 2 шақырымға дейін жетті. Қазіргі мәлімет бойынша қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған. Тағы бір мәлімет бойынша ауруханаға 90-ға жуық адам түскен. Оның 49-ы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері», - деп жазылған ресми деректе.
Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.