310
Коронавирус: Елімізде 6,3 миллионнан астам адам вакцина салдырды
Коронавирус: Елімізде 6,3 миллионнан астам адам вакцина салдырды

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша 23 тамыздағы мәлімет жарияланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін – 6 369 263 адам, II компонентпен 5 013 064 адам салдырды.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 840 844 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 680 997 адам екінші компонентін салдырған. Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 715 599 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 534 014 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Алматы облысы - 644 292 адам екпені бірінші бөлігін алса, 510 862 адам екінші бөлігін қабылдаған.