390
«Ашық» қосымшасын енгізу үшін пара алған шенеунік ұсталды
«Ашық» қосымшасын енгізу үшін пара алған шенеунік ұсталды

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агентттігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, аталған лауазым иесі Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден «Ашық» қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алған.
Күдікті ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексіінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Түркістан қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.