1130
Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады
Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

Мемлекет басшысы Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылатынын мәлімдеді, – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің ықпалдастығына тың серпін беру үшін Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді», – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 16 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды.