Сағынтаев пен Медведев ҚР және РФ екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Сағынтаев пен Медведев ҚР және РФ екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Сағынтаев пен Медведев ҚР және РФ екіжақты ынтымақтастықты талқылады
ашық дереккөзі
370
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келіп, РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлады ҚазАқпарат. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, кездесуде екі жақты ынтымақтастық  мәселелері талқыланды.  Тараптардың назары өнеркәсіп, энергетика, сауда және экономика, көлік және т.б. салаларға назар аударылды. Сонымен қатар, кездесу аясында ҚР Премьер-Министрі өзінің әріптесімен алда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстарының жайын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді. Еске сала кетейік, 27-28 қазанда Минск қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстары өтеді, оған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады.  

Серіктес жаңалықтары