«Олар автомат шығарды»: полицейлер ұрып-соққан күзетшілер мән-жайды айтты (видео)

«Олар автомат шығарды»: полицейлер ұрып-соққан күзетшілер мән-жайды айтты (видео)
Қапшағай қаласында полиция қызметкерлері соққыға жыққан Del Mare кафесінің күзетшілері жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлады «Kapshagai Info» Youtube-арнасы.
Оқиға 2021 жылдың 11 тамызына қараған түні болды. Қапшағайдағы Del Mare ойын-сауық кешенінде бірнеше полиция қызметкері осы мекеменің екі күзетшісін ұрып-соққан. Оқиға сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп, кейін кадрлар әлеуметтік желілерде таралды.