966
Royal Tulip мейрамханасындағы танымал шоу бизнес өкілдерінің басқосуына байланысты іс қозғалды
Royal Tulip мейрамханасындағы танымал шоу бизнес өкілдерінің басқосуына байланысты іс қозғалды
8 тамыз күні Instagram-дағы Black Star Burger Kazakhstan парақшасында Royal Tulip мейрамханасында шоу-бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шараның видеолаы жарияланды. Іс-шара Алматыда өткен. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (ССКД) карантиндік шектеулердің бұзылғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
ДСЭК басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мониторингтік топ ереже бұзу анықтағанын, компания өкілдерінен түсініктеме алынғанын хабарлады. Материалдар Медеу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылады.– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік іс қозғалды және материалдар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту қаралатын болады. Егер заңды тұлға болса, айыппұл — 230 АЕК (670 910 теңге), егер жеке тұлға болса-30 АЕК (87 510 теңге), - деді Orda.kz Байғабылов.Black Star Burger Kazakhstan сторисінде қазақстандық шоу-бизнес өкілдері: режиссер Ақан Сатаев, продюсер Жан Мұқанов, әнші Луина, Лидия Досалина, Тамара Асар және Айдана Меденова, продюсер Әлішер Нұржанов, вайнерлер Мейіржан Төребаев және Дана Есеева, актриса Рано Умарова көрінеді. Сондай-ақ, кадрларда актер Санжар Мәди, X Factor атқарушы продюсері Ләззат Биғали, "Қазақконцерт" МКҰ шығармашылық қызметінің басшысы Әсел Керім де бар. Сонымен қатар, кадрларға қарағанда, іс-шарада Айбек Жансейітов (Бүркіт деген атпен танымал) пен Айша, сондай-ақ жүргізушілер мен шоу-мэндер Мұхамед Жанов пен Кирилл Мейстер және басқа да атақты адамдар болды.