“Кадрдан тыс қалған жарақаттар да бар”: Қоңқабаев алғаш рет Олимпиададағы көрсеткіші туралы пікір айтты

ашық дереккөзі
4038

Ауыр салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

— Бірінші кезекте, осындай нәтижеге қол жеткізгеніме қуаныштымын. Олимпиаданың қола медалі - бұл да жақсы жетістік. Мен мұнымен тоқтап қалмаймын. Халқымызды әлемдік аренадағы жеңістерімен тағы да бірнеше рет қуантамын деп үміттенемін. Жігіттер рингтегі жеңістер үшін бар күштерін салды. Әрине, бұл оңай болған жоқ. Кез-келген жеңістің артында жаттығуда төгілген тер мен қан тұр. Көзге көрінетін жарақаттар бар, кадрдан тыс қалғандар да бар. Қателіктермен жұмыс істейтін боламыз, алдымызда маңызды бастамалар, ел абыройын лайықты қорғау, жеңіске жету міндеті тұр, — деді Қоңқабаев.

Серіктес жаңалықтары