Қазақстандықтар 9 айда интернетке 150 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандықтар 9 айда интернетке 150 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандықтар 9 айда интернетке 150 млрд теңге жұмсаған
ашық дереккөзі
293
Интернет провайдерлер биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында қазақстандықтарға 151, 9 миллиард теңгенің қызметін көрсеткен, деп жазады szh.kz сайты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5 миллиард теңге артық. Бұдан бөлек, абоненттер саны 2,23 миллионға жеткен. Интернет қолданушылардың 99,7 пайызы жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланады. 2011 жылдың қыркүйегінде ғаламторға қолжетімділік 91,7 пайызды құраған. Ол кезде абонементтер саны 1,06 миллион болған. Интернетті пайдаланушылар қатары жыл сайын Алматыда 50,1 мыңға, Алматы облысында 18,8 мыңға, Астанада 17,3 мың адамға көбейіп отыраған. «Қазіргі кезде статистика бойынша орташа үй шаруашылығы интернетпен салыстарғанда теледидарды аздау қосып жүр. Егер де теледидарды аптасына орташа алғанда 5 сағат көрсе, интернетте отыратын уақыт 12 сағаттан асып түседі», - дейді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев. Сондай-ақ, аталған сайт Халықаралық электр байланысы одағының есебі бойынша жер бетінде 3,2 млрд адамның интернет желісін пайдаланатынын, бұл ғаламшардағы халықтың 43,4 пайызын құрайтынын да жазады. Мақалада әлем елдерінің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша даму индексі де көрсетілген. Рейтингте Оңтүстік Корея көш бастап, Дания, Исландия, Ұлыбритания, Швеция елдері алғашқы бестікке кірген. Ал Қазақстан 166 елдің арасында 53 орынды иеленген.  

Серіктес жаңалықтары