205
Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің мүшесі атанады
Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің мүшесі атанады
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Инвестициялар комитеті Қазақстанды мүшелікке шақыру туралы ұсыныс жасауға шешім қабылдады, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Қайыров өзінің Facebook парақшасында.
«Жеңіс. Қазақстанның инвестициялық саясатына бірінші шолу қорытындысы бойынша ЭЫДҰ Инвестициялар комитеті Қазақстанды ЭЫДҰ Инвеситиция комитетінің мүшелігіне және халықаралық инвестициялар мен көпұлтты кәсіпорындар жөніндегі ЭЫДҰ декларациясына қосылуға шақыру туралы ЭЫДҰ Кеңесіне ұсыныс жасау туралы шешім қабылдады», - деп жазды Қайыров.
Оның айтуынша, Комитетке кіру жұмыстары 5 жыл бойы жүргізілген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту үшін үлкен еңбек атқарды, деп атап өтті вице-министр.
1961 жылы құрылған экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Жапония және Аустралия секілді 35 мемлекет кіреді. ЭЫДҰ мүше мемлекеттердің әлемдік ЖІӨ үлесі 60%.