ЭКСПО-2017 кезінде Баянауылға әуе рейстері ашылмақ

ЭКСПО-2017 кезінде Баянауылға әуе рейстері ашылмақ

ЭКСПО-2017 кезінде Баянауылға әуе рейстері ашылмақ
ашық дереккөзі
267
Павлодарда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде Баянауыл аумағына әуе рейстерін ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов мәлім етті. «ЭКСПО-2017 кезінде біздің ауданға туристер көптеп келеді. Қазіргі уақытта, ауданның туристік базасын құрастыру бойынша жобамен жұмыс жүріп жатыр. Оны біз 1 желтоқсанға қарай тапсыруымыз керек. Жоба қабылданған соң келесі жылдың сәуір айында оны іске асыруға кірісеміз. Баянауыл ауданында үш көл бар: Жасыбай, Торайғыр және Сабындыкөл. Негізгі тірек соңғысына бағытталатын болады. Сонымен қатар, Қаражар ауылының қасында жазғы демалыс түрлерімен қатар қысты демалысты да жетілдіреміз. Осы жерде тау шаңғымен айналысуға жағдай жасасақ дейміз. Бұдан басқа, қонақтарға ыңғайлы болуы үшін Павлодар-Қарағанды-Астана бағыты бойынша Баянауыл арқылы шағын ұшақтар желісін дамытуды жоспарлап отырмыз. Ұшақтың қонуына бір шақырымдық алаң жеткілікті, мұндай қолайлы жер Сабындыкөлдің маңында бар. Бұл мәселе бойынша жекеменшік тасымалдаушылар мен турфирмалармен келісім сөз жүргізіліп жатыр», – деді Оразгелді Қайыргелдинов. Бұған қоса, ауданға туристер мен инвесторларды тарту мақсатында өлкенің тарихы мен ұсыныстарымен танысуға болатын арнайы сайттың ашылуы жоспарланып отыр. Айта кету керек, жазғы уақытта Баянауыл ауданына демалуға 150 мың адам келеді.

Серіктес жаңалықтары