Павлодарда кәсіпорындардың бірінде жұмысшыны тоқ соқты. Ер адамды күйік шалған және жарақат алған, – деп жазды Pavlodarnews.kz. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға қалалық ЖШС-нің бірінде орын алған. 32 жастағы дәнекерлеуші кәсіпорын аумағында дәнекерлеу жұмысын жүргізіп жатқан кезде зардап шеккен. Ер адам ауруханаға жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасы жұмысшының жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. - Жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы және электрошок диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты. ПТР-тест нәтижесінен кейін бейінді бөлімшеге ауыстырады, - деді басқармада.
Жүктелуде...