1504
Алматыда Құрбан айт қарсаңында жаңа карантиндік шектеулер енгізілді
Алматыда Құрбан айт қарсаңында жаңа карантиндік шектеулер енгізілді

Бүгіннен бастап Алматының кіреберістерінде бекеттер қойылады.
Бұл Құрбан айт қарсаңында қаланың аумағына мал әкелмеу үшін жасалып жатқан шара. Сол себепті мұндай шектеулер шілденің 22-сіне дейін жалғасады. Шаһардың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осыған қатысты тиісті Қаулы шығарды. Онда шілденің айт күндері ұйымдарда, жеке үй иеліктері мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Бұл айт намазына да қатысты.
Сондай-ақ мегаполисте мал сою цехтары мен базарлардың жұмыс істеуіне, малды автокөліктер мен жекеменшік үйлерде сатуға болмайды. Онлайн тапсырыс бергендердің құрбандығы орталық мешітте шалынады.