Табиғи апат кезінде қорғанудың жолы "Кселл" мен "Қызыл жарты ай" ұйымдастырған шарада көрсетілді

Табиғи апат кезінде қорғанудың жолы "Кселл" мен "Қызыл жарты ай" ұйымдастырған шарада көрсетілді

Табиғи апат кезінде қорғанудың жолы  "Кселл" мен "Қызыл жарты ай" ұйымдастырған шарада көрсетілді
ашық дереккөзі
267
«Кселл» компаниясы «Қызыл жарты ай» ұйымымен бірлесіп, табиғи апат кезінде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге арналған SMS-жәрдем жинау үшін 9777 қысқа нөмірін іске қосты. Жоба қазақстандықтарға әлемдегі ең ірі гуманитарлық қозғалыстың бір бөлігі атануға, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттар аумағындағы отандастарына көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жәрдем көрсету үшін Kcell немесе activ абоненттеріне кез келген мәтіні бар, яғни бос емес хабарламаны 9777 нөміріне жіберу керек. Бір SMS құны 200 теңгені құрайды. Мұндай жәрдем түрі табиғи апат аумағындағы қазақстандықтарға көмек көрсету үшін де, «Қызыл жарты Ай» бақылауындағы гуманитарлық көмек қоймасын қалыптастыру үшін де қабылданады. «Зардап шеккендерге көмектесуге ниетті адамдар бізге тұрақты түрде хабарласып тұрады. Әсіресе, мұндай жағдай Қарағанды облысындағы су тасқыны немесе өткен жылғы Алматыдағы сел кезінде анық байқалды. Енді мұндай жәрдемді оңай жолмен көрсетуге болады. Гуманитарлық көмек көрсету мақсатында қаражат жинауға арналған арнайы нөмір жұмысын үзбейді, яғни әр қазақстандық өзіне ыңғайлы уақытта отандастарына қол ұшын соза алады. Бұл – еліміз үшін өте маңызды жоба», – деп атап өтті «Қазақстанның Қызыл Жарты Айы» ҚҚ директоры Елена Ким. 6-1Жоба «Kcell» АҚ және «Қызыл жарты ай» ұйымдарының серіктестігі аясында жүзеге асуда. Шара аясында «Қызыл жарты ай» қызметкерлері   арнайы шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Атап айтқанда,
  • Жер сілкінісі кезінде аман қалу;
  • Су тасқыны мен сел кезінде аман қалу;
  • Өрт кезінде аман қалу;
  • Алғашқы медициналық жәрдем көрсету туралы негізгі ережелерді түсіндіріп, көрсетіп берді.
Шынында да, жұрт табиғи апат кезінде аяқ асты абдырап, не істерін білмей қалуы әбден мүмкін. Ал қашан да сақтық шараларына дайын болу маңызды. Бұл тұрғыда арнайы шеберлік сыныптарының жиі өткізіліп тұруы қажет екені түсінікті. Себебі Алматы қаласы сейсмикалық жағынан қауіпті аймаққа жатады. Табиғи апат кезінде жақындарымызды, өзімізді аман сақтап қалу үшін арнайы сақтану ережелерін білу артық емес. Қазақ "Апат айтып келмейді" дейді. "Сақтансаң, сақтаймын" деген де сөз бар. Адам өмірі қашан да қымбат. Сондықтан мұндай жайтқа бейжай қарамау қажет. Анықтама үшін:  Kcell қосымша құны бар дауыстық байланыс қызметтерін көрсетеді, оның ішінде қысқа хабарламалар сервисі, мультимедиялық хабарламалар және мобильді контент-қызметтері сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ Интернетке қолжетізімді қосқанда деректерді беру қызметтері. Компания екі бренд ұсынады: ең алдымен, корпоративтік клиенттерге (оның ішінде мемлекеттік ұйымдарға) бағытталған Kcell бренді және, ең алдымен, жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ бренді. Компания өз қызметтерін Қазақстан Республикасының халық орналасқан барлық дерлік аумағын ұялы байланыспен қамтыған. 2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ және KASE-те өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, мұнда бір ЖДҚ бір акцияға тең. Ұсыныс Kcell жарғылық капиталының 25 пайызын құрайтын TeliaSonera-ға 50 млн акцияны сатудан тұрды. Кейіннен Kcell Қазақстандағы мобильді деректерді беру қызметтері сегментіндегі елеулі өсім әлеуетінен табыс алуды көздеуде. Kcell Қазақстан Республикасындағы мобильді деректерді беру өсімінің айтарлықтай әлеуетінен пайда көруді жоспарлауда. Компания қамту аймағын кеңейту мақсатында 3G желісін жаюға инвестиция құюды жалғастырмақ. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағаларға ұсыну, желінің жоғары сапасын сақтау мен бренд құндылығын арттыру арқылы табыс көлемі мен абоненттер саны бойынша өзінің жетекшілігін сақтап қалуға талпынуда.

Серіктес жаңалықтары