Qazaq bank-тің жаңа басшысы тағайындалды

Qazaq bank-тің жаңа басшысы тағайындалды

Qazaq bank-тің жаңа басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
238
17 қазанда «Qazaq Banki» АҚ Директорлар кеңесі осы кеңестің мүшесін – тәуелсіз директор Ғани Тоқсанбаевты 2016 жылдың 24 қазанынан бастап банк басқармасының төрағасы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдады. Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ерлан Келімбетов бұрын атқарған басқарма төрағасының орынбасары қызметіне қайта оралды. Ғани Тоқсанбаев Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының «Халықаралық құқық» мамандығын үздік тәмамдады, Вирджиния книверситетінің Құқық мектебінде заң магистрі дәрежесіне ие болды, сонымен қатар Оксфорд университетінің Құқық тәжірибесі Институтын аяқтап,үздік диплом алды. Әділет министрлігінде, «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ,  Dentons халықаралық заң компаниясында әртүрлі қызметтерді атқарды, Лондонда және Қазақстанда Credit Suisse банкінің вице-президенті қызметін атқарды. 2016 жылдың 1 қазаны бойынша банктің активтері 421,1 млрд теңгені құрады, соның ішінде несиелік қоржын (брутто) 322,9 млрд теңгеге жетті. Міндеттемелер 386,4 млрд теңгені құрады, жылдың таза пайдасы – 1 048 млн теңге, банктің жеке капиталы 34,8 млрд теңгені құрады. Филиал желісі: Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Тараз, Шымкент қалаларында бар.

Серіктес жаңалықтары