Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық әріптестігін ресми түрде бекітті

Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық әріптестігін ресми түрде бекітті

Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық әріптестігін ресми түрде бекітті
ашық дереккөзі
198
Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы Тәжікстанмен стратегиялық әріптестік туралы келісімді мақұлдады. Екі ел арасында жасалған құжатқа өткен жылы 14 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаевтың Душанбеге сапары барысында қол қойылған еді.
Қазақстан сенатының баспасөз қызметі таратқан ресми ақпарат бойынша, қабылданған құжатта тараптар бір-біріне қарсы күш қолданбауға немесе қоқан-лоқы көрсетпеуге, үшінші бір елмен екінші тараптың тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына кесірі тиетін келісімге отырмауға міндетті екенін растайды. Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мухтар Тілеубердінің сенаттың жалпы отырысында айтуынша, саяси диалогты жетілдіру, екі жақты қарым-қатынас мәселелері мен халықаралық өзекті проблемалар бойынша ұстанымдарын келесіп отыру осы құжатта қарастырылған. "Таяу Шығыстағы оқиғалар, Ауғанстандағы жағдай, сондай-ақ террорлық ұйымдардың күшеюіне байланысты, Қазақстан Орталық Азияда, әсіресе Ауғанстанмен шекаралас Тәжікстанда тұрақтылықтың сақталуына аса мүдделі", - деді ол. Тәжікстан парламенті бұл құжатты былтыр желтоқсан айында мақұлдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары