173
Мақтааралдық диқандар 600 мыңнан астам тонна қауын мен қарбыз жинады
Мақтааралдық диқандар 600 мыңнан астам тонна қауын мен қарбыз жинады
Соңғы 10 жылда республикада мақта өндірумен атақ-даңқы шыққан Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының шаруалары бақша өнімдерін өндірумен танымал болып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақтаарал ауданының диқандары биылғы жылы 28 гектар жерден 610 мың тонна қауын мен қарбыз жинады. Олардың 450 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді. Әр гектар жерден 263 центнер өнім алынды. Биылғы жылы өткен жылғыдан 25 центнер қауын-қарбыздан артық жинаған шаруалар Орталық Азия бойынша бақша өнімдерін өндіруден алдыда келеді.
Бүгінде Мақтаарал бау-бақша өнімдерінен әсіресе Ресей мен Беларусь кәсіпкерлері айтарлықтай кіріс көріп отыр. Оңтүстікқазақстандық өнімдерді көршілер жақын шет мемлекеттер мен Шығыс Еуропа елдеріне жөнелтуде.