ОҚО әкімі зиялы қауыммен кездесті

ОҚО әкімі зиялы қауыммен кездесті

ОҚО әкімі зиялы қауыммен кездесті
ашық дереккөзі
280

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің бір топ соғыс, еңбек ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында облыс басшысы аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, үлкенді сыйлау, ардагерлерге қамқорлық көрсету кейінгі ұрпақтың міндеті және парызы екенін атап өтті.

Бейресми басқосуда облыстың әлеуметтік мәселелері талқыланып, оның шешу жолдары бойынша аймақ басшысы өмірден түйгені мол ел ағаларының  пікірін тыңдады.

Әзірге, Оңтүстік Қазақстан облысының тыныс-тіршілігімен танысып жатқанын айтқан облыс әкімі алдағы уақытта бірлесе атқаратын міндеттердің көп екенін жеткізді.

Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жұмыстарда әрбір саланың еңбек ардагерлерімен жеке кездесіп, кеңескісі келетініне ниет білдірді.

Кездесу соңында зиялы қауым өкілдері мен қазыналы қариялар әкімнің облысты басқарудағы жұмысына сәттілік тілеп, баталарын берді.

Жалпы облыста бүгінгі күнде 220 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың 300-і Ұлы Отан  соғысының ардагері болса, 21 мыңы тыл еңбеккерлері.

Серіктес жаңалықтары