Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалады

Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалады

Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалады
ашық дереккөзі
375
Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалатын болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Мұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін ақысыз болады. Мамандардың айтуынша, қазір ағза трансплантациясына 3 мыңға жуық азамат зәру. Елімізде көбінесе бүйрек, бауыр және жүрек алмастыру операциясы сәтті жасалуда. Болашақта дәрігерлер ішек жолдарына да осындай операция жасауды қолға алмақ. «Бауыр мен жүрекке жасалатын трансплантация шамамен 3 миллион теңге тұрады. Ал тиісті бағдарлама қабылданған соң ел азматтарына мұндай көмек тегін көрсетілетін болады», – дейді Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қалалық департаментінің басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Серіктес жаңалықтары