Пандемия басталғалы бері кәсіпорын қызметкерлерінің саны 11%-ға қысқарған

Пандемия басталғалы бері кәсіпорын қызметкерлерінің саны 11%-ға қысқарған

Пандемия басталғалы бері кәсіпорын қызметкерлерінің саны 11%-ға қысқарған
ашық дереккөзі
292
Қазақстанда пандемия басталғаннан бері кәсіпорындар қызметкерлерінің саны орта есеппен 11%-ға қысқарды. Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев шағын және орта бизнес сауалнамасының осындай нәтижелерімен бөлісті. Палата Президенттің тапсырмасы бойынша осы жылдың 27 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында 50,5 мыңға жуық кәсіпкер қатысқан сауалнама жүргізген болатын.
«Тұру және тамақтану жөніндегі қызметтер салаларындағы қызметкерлердің ең көбі пайыздық арақатынасы - 19%, ойын-сауық және демалыс салаларында 20%, сондай-ақ қызмет көрсетуде 19%-ға қысқарды. Респонденттердің 56%-ы пандемияға байланысты табысы айтарлықтай азайғанын атап өтті. Сонымен қатар, туризм саласы ең көп зардап шеккен - 77% табыстың жоқтығын айтуда, сауда - 63%, ойын-сауық және демалыс - 62% болып табылады», - деп атап өтті сарапшы.
Клубтың отырысы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен өтті және Қазақстан экономикасының пандемиядан кейінгі кезеңдегі үрдістеріне, міндеттері мен келешегіне арналды.
«Пандемия әлемдік экономика мен қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы белгілі бір процестерді жеделдетті. Осылайша, қашықтықтан жұмыс істеу, қашықтықтан оқыту, бизнесті цифрландыру, интернет арқылы қызметтер ұсыну және тауарлар сатып алу, ресурстар мен тұтынуға ұқыпты қарау біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі даму стратегиясы осы және басқа да үрдістерді ескеруі тиіс. Жалпы, білім беру жүйесі пандемиядан кейінгі кезеңдегі даму стратегиясының маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы керек, өйткені ол өнеркәсіп пен өндірістік секторды білікті кадрлармен қамтамасыз етеді», - деді Сенат Төрағасы.
Мәулен Әшімбаев талқылауды қорытындылай келіп, сарапшылар айтқан ұсыныс-ұсынымдар Парламент жұмысында пайланылатыны және Ұлттық экономика министрлігі назарға алатынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары