Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы 30 жастағы әйелдің босанғаннан кейін қайтыс болуына қатысты түсінік берді, – деп жазды Tengrinews.kz.
"Болжам бойынша әйел өліміне пневмоторакс және босанғаннан кейінгі қан кетуден пайда болған гипоксия салдарынан жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі себеп болған", - деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілі.Қазіргі уақытта нақты себебін анықтау үшін патологиялық-анатомиялық зерттеу жалғасып жатыр.
"Бірқатар гистология зерттеуі жүргізіліп, құрмына Оспанов атындағы БҚМУ қызметкерлері кірген комиссия құрылады. Облыстық перинаталдық орталық директоры қызметінен босатылды", - деді ведомство өкілі.