Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

/
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды
ашық дереккөзі
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды Бүгінге дейін бірде бір рет жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы, сондай-ақ, айқастың өтетін орны және датасы белгілі болды, – деп жазды Sports.kz. Boxingscene.com-ның жазуынша, Әлімханұлының оппоненті – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің «тұрақты» чемпионы, америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО). Орта салмақтағы кездесу 10 раундқа есептелген және ол 26 маусым күні Лас Вегаста (АҚШ) Василий Ломаченко — Масаеси Накатани бокс кешінің андеркардында өтеді. Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке 2020 жылдың қазанында шықты. Ол екінші раундта аргентиналық боксшы Гонсало Кориюды (16-4, 6 КО) нокаутқа жіберді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары