209
МҚІА Президент сынға алған шенеуніктің қайта қызметке тағайындалуын түсіндірді
МҚІА Президент сынға алған шенеуніктің қайта қызметке тағайындалуын түсіндірді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) Сайранбек Бармақовтың қайтадан қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, шенеунік Автомобиль жолдары комитеті төрағасы қызметінен өз қалауы бойынша кеткен, – деп жазды Tengrinews.kz.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, Сайранбек Бармақов өз еркімен автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері.Сондай-ақ, ведомство өкілдері Президент жұмыстан шығарған шенеуніктер мемлекеттік қызметке, оның ішінде, басшылық лауазымдарға қайта тағайындалуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.