247
Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды
Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылатынын мәлімдеді.
17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан – тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндері жөнелтіледі.
17 маусымнан бастап №459/460 «Өскемен-1 – Достық» пойызы күнара жүреді. Өскемен-1 станциясынан – тақ күндері, Достық станциясынан – жұп күндері аттанады.
20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы аптасына 2 рет қатынайды: жексенбі және бейсенбі күндері. Нұр-Сұлтаннан – дүйсенбі, ал Достықтан – жұма күндері жүреді.
Бұдан бөлек, курорт аймағына аптасына 2 рет қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр – Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай-Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы тікелей вагон бар екенін еске саламыз.