275
Коронавирус: ғалымдар мұрынға себетін вакцина қашан тіркелетінін айтты
Коронавирус: ғалымдар мұрынға себетін вакцина қашан тіркелетінін айтты

Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы мұрынға себілетін вакцина 2021 жылдың соңында – 2022 жылдың басында клиникалық зерттеуге шығарылады. Орталық директоры Александр Гинцбург препарат 2020 жылы тіркелуі мүмкін екенін айтты, – деп жазды ТАСС агенттігі.
«Орталық COVID-19-ға қарсы вакцинаны жасау және жетілдіру бойынша бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Бір бағыты – назальды вакцина жасау. Қазір оның клиникаға дейінгі зерттеуі жүргізілуде. Осы жылдың соңында – келесі жылдың басында клиникаға енгізуді, 2022 жылы зерттеу нәтижесі бойынша тіркеуден өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ғалым.
Гинцбургтің айтуынша, әзірге назальды вакцина екі мәрте жасалды деп болжанған, бірақ бір реттік болуы да ықтимал. Оның айтуынша, вакцинаның бұл түрінің артықшылығы – іс жүзінде жанама әсері болмайды.