Волкан Бозкыр Израиль полициясының шабуылын айыптады

Волкан Бозкыр Израиль полициясының шабуылын айыптады

Волкан Бозкыр Израиль полициясының шабуылын айыптады
ашық дереккөзі
334
БҰҰ Жалпы Кеңесі төрағасы Волкан Бозкыр әл-Ақса мешіті сынды тарихи  ғибадат орындарына құрмет көрсетілуі туралы үндеу жасады. Волкан Бозкыр өзінің твиттер парақшасы арқылы мәлімдеме жасап, Израиль полициясының Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне дыбыстық бомбалармен жасаған шабуылына наразылық білдірді.

"Израиль полициясының Рамазан айының соңғы жұмасында Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне дыбыстық бомбалармен шабуыл жасағаны өкінішті. 1,8 миллиард мұсылман үшін қасиетті болып саналатын әл-Ақса мешіті және басқа барлық ғибадат орындары құрметтелуі керек" - деді ол.

Серіктес жаңалықтары