237
Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді
Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді.
«Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл айтады. Вакцина алғаннан кейін қайтыс болды деген ақпараттың тарауына байланысты қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы келесіні хабарлайды: «Азамат Б.Н., 1979 жылы туған, биыл 12 сәуір күні емханаға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б.Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған», – делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.