205
Дәрігерді соққыға жыққан науқас полицейлер келгенше қашып кеткен
Дәрігерді соққыға жыққан науқас полицейлер келгенше қашып кеткен

Қостанайда травматология пунктінің дәрігерін соққыға жыққан азаматқа қатысты сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 23.50-де Қостанай қаласындағы аурухананың травматологиялық пунктіне 26 жастағы ер адам жеткізілген.
«Ер адамның білегі кесілген. Дәрігердің қабылдауында ол агрессия көрсетіп, дәрігерге соққы жасаған. Сосын полицейлер келгенше науқас оқиға орнынан қашып кеткен», – деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Қазіргі кезде тәртіп сақшылары «Денсаулық орташа дәрежедегі қасақана зиян келтіру» бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.