288
Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 3 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 артады.
Түркістан облысында кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, жекелеген аумақтарда жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде 1 градус үсік күтіледі. Күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші жекелеген аумақтарда 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік сақталады.
Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. 4-5 мамырда желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.