50234
Сенат Төрағасы Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің жақындарына көңіл айтты
Сенат Төрағасы Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің жақындарына көңіл айтты
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің өмірден өтуіне байланысты марқұмның жақындарына көңіл айтты.
"Қазақ ән өнерін жаңа биікке көтерген композитор, әнші, Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің қазасы бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті. Бұл - ұлт руханияты мен мәдениеті үшін орны толмас ауыр қайғы", – деп жазды Әшімбаев өзінің фейсбуктегі парақшасында.
"Ескендір ағамыз бүкіл ғұмырын музыка саласына арнап, отандық өнердің өрісін кеңейтуге үлкен үлес қосқан дарын иесі. Ол әуезді әндерімен халқының ыстық ықыласына бөленіп, ерекше құрметіне ие болды. Әр қазақ жатқа білетін "Атамекен" әні елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақтатын қайталанбас туынды болып қала береді. Ағамыздың жарқын бейнесі әрдайым біздің жадымызда сақталады. Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын", – деген әлеуметтік желідегі жазбада.