50244
Мемлекеттік нөмір орнына жүргізуші өз есімін жазған
Мемлекеттік нөмір орнына жүргізуші өз есімін жазған
Түркістан облысында көліктің мемлекеттік нөмірі тұратын орынға өзінің есімін жазып алған жүргізуші жауапқа тартылды. Әлеуметтік желідегі материалдарға бақылау жасайтын құқық қорғау қызметкерлері тәртіп бұзған жүргізушіні анықтаған.
Кезекті тексеру кезінде Сайрам ауданының полицейлері қала көшелерінің бірінде көліктің артқы нөмірі тұратын орынға адам есімі жазылғанын байқайды. Аудандық полиция қызметкерлері автокөліктің иесі Ақсукент ауылының тұрғыны екенін анықтаған.
«Жас жігіт жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабымен жауапқа тартылды. Олар, 590-бабы 4-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 593-бабы 2-бөлігімен «Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», 596-бабы 2-бөлігімен «Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу». Қазіргі таңда жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс аудандық сотқа жолданды»,– делінген хабарламада.