264
Қызылордада ұрланған көлікпен жол апатына түскен қарақшы ұсталды
Қызылордада ұрланған көлікпен жол апатына түскен қарақшы ұсталды

Қызылорда қалалық полиция басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері бөтен көлікті ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған тұрғынды қолға түсірді.
Ер адам облыс орталығындағы мекеменің бірінің алдында тұрған жол талғамайтын көлікті ұрлап кеткен. Кейін ол рульге ие бола алмай, жол жиегінде аударылған.
«Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті.