Вакцина алмай тұрып антидененің бар-жоғын анықтау қажет пе?

Вакцина алмай тұрып антидененің бар-жоғын анықтау қажет пе?

Вакцина алмай тұрып антидененің бар-жоғын анықтау қажет пе?
ашық дереккөзі
511
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина егу алдында антидененің бар-жоғын анықтау қажеттігіне қатысты пікір білдірді. «Вакцина алмай тұрып ағзада антидененің бар-жоғын тексеру керек пе? Қазір осындай сұрақ көп. Өндірушілердің бәрі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары аурудан кейін алты ай өткен болса, антидененің бар-жоғын тексерудің қажеті жоқ деген ұсыныс айтуда. Яғни, екпе алған жөн», – деді Тимур Мұратов. Ол, сондай-ақ, антиденелердің тиімділігі туралы нақты мәліметтер жоқ екенін еске салды. «Антиденелерді анықтағаннан кейін қандай ұсыныстар беріледі? Әзірге нақты шешім жоқ және мұның бәрі вакцинаның пайдалы екенін көрсетеді. Мысалы Біріккен Араб Әмірліктерінде антиденелерді анықтауға және халықты адастырмауға тыйым салынғанын қосымша хабарлағым келеді», – деп толықтырды Тимур Мұратов.

Серіктес жаңалықтары