Тізімге танымал компаниялар енген. Ықпалды компаниялар арасында киім, электроника, әлеуметтік желі және вакцина шығаратын фармацевтикалық компаниялар бар. Америкалық Time журналы осылайша алғаш рет әлемдегі ең ықпалды 100 компанияның тізімін ұсынды.
Тізімге әлем бойынша әртүрлі салада, атап айтқанда денсаулық сақтау, көңіл көтеру, транспорт, технология және өзге де салада әлем бойынша ықпал ететін компаниялар енген.
Рейтингте 5 категория бар – «Ізашарлар», «Көшбасшылар», «Инноваторлар», «Алыптар» және «Талқандаушылар».
«Ізашарлар» категориясына қарасораны медициналық мақсатта өндіретін Tilray компаниясы, ойын құрастыратын Roblox компаниясы және т.б.
«Көшбасшылар» арасында Ұлттық баскетбол ассоциациясы, Nike компаниясы, Apple және Sony электроника өндірушілері, Pfizer, BioNTech және Johnson & Johnson фармацевтикалық компаниялары, сонымен қатар Twitter әлеуметтік желісі.
Авторлар «Инноваторлар» категориясына TikTok әлеуметтік желісін, Moderna компаниясын, Netflix сервисі, Zoom бағдарламасын, Lego компаниясын қосқан.
«Алыптар» санатында Facebook компаниясы, қытайлық Alibaba компаниясы, Google корпорациясы мен Disney киностудиясы бар.
«Талқандаушылар» категориясына Илон Масктың Tesla және SpaceX компаниялары, Clubhouse әлеуметтік желісі, сонымен қатар Huawei және өзге де компаниялар бар.