232
Ата-анасымен ұрсысып қалған: Ақтөбеде көпірден секірмек болған бойжеткен құтқарылды
Ата-анасымен ұрсысып қалған: Ақтөбеде көпірден секірмек болған бойжеткен құтқарылды

Ақтөбеде ата-анасымен ұрысып қалған қыз көпірден секірмек болған. Қала тұрғыны учаскелік полиция инспекторы Талғат Мыңжасаровтың телефон нөміріне қоңырау шалып, 41-разъезд ауданында орналасқан көпірде бойжеткен тұрғанын хабарлайды. Оқиға орнына инспектор дереу жетті.
«Учаскелік полиция инспекторы көпірдің шетінде тұрған жас қызды тапты. Талғат Мыңжасаров қызбен сөйлесіп, мәселенің мән-жайын сұрады. 18 жастағы қыз ата-анасымен сөзге келіп, кейін өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Көпірден түсірген соң бойжеткен ата-анасына тапсырылды. Учаскелік инспектордың жылдам әрі кәсіби іс-әрекетінің арқасында адам өмірі құтқарылды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
