213
Коронавирус: еліміздің 11 өңірі «қызыл» аймақта
Коронавирус: еліміздің 11 өңірі «қызыл» аймақта

Коронавирусқа қатысты ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
28 сәуірдегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары «қызыл» аймақта орналасқан.
«Сары» аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары тұр.
«Жасыл аймаққа: Түркістан және Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары енген.
Кеше Шымкент қаласы мен Қостанай облысы «сары» аймақта тұрған. Бүгінгі мәліметпен Шымкент «қызыл», Қостанай «жасыл» аймаққа өтті.