526
Алматыда жоғалып кеткен «Қызылорда аруы» табылды
Алматыда жоғалып кеткен «Қызылорда аруы» табылды

Алматыда іздеу жарияланған «Қазақстан аруы-2019» байқауының финалисті, «Қызылорда аруы-2017» байқауының жеңімпазы Гүлнұр Нұртаза аман-есен табылды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, ару осыдан бір күн бұрын ешкімді ескертпестен Тараз қаласына кетіп қалған. Ол байланысқа шықты. Аман-есен.
Еске салайық, оның жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын.