295
Алматыда сауда орталығында үстіне ойыншық мүсін құлаған бала миы шайқалып, дене жарақатын алды (видео)
Алматыда сауда орталығында үстіне ойыншық мүсін құлаған бала миы шайқалып, дене жарақатын алды (видео)

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде ойыншық мүсін баланың үстіне құлап, жарақаттады.
Бұл туралы белгілі заңгер Бақытжан Базарбек Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Бүгін Алматыдағы Мега орталығында менің досым әрі серіктесім Жәнібек Башановтың ұлы Кәрімнің үстіне ойыншық мүсін құлап кетті. Үлкен мүсінді бар болғаны скотчпен бекітіп қойыпты» деп жазды ол.
Баланың миы шайқалып, дене жарақатын алған.
«Аталған жағдай бойынша сотқа арыз түсіретін боламыз» делінген, заңгер жазбасында.
Жазбаның астында пікір қалдырғандар ойыншық алып мүсіннің салмағы 150 келі тартатынын атап өткен.
https://www.youtube.com/watch?v=48_Daq9ngiw&t=15s&ab_channel=JulianNagelsmann